05.08.2026
QYZYLJAR-2016 — JUNIOR CUP ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ!
2016 жылы туған жас футболшыларымыз Junior Cup турнирінде керемет ойын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды!
Бұл жас санаты дағы жарыста барлығы 10 команда бақ сынады. Алайда біздің жігіттер нағыз чемпиондық мінез бен ынтымақты ойын үлгісін көрсетті. Финалдық матчта «Qyzyljar» Астана қаласының №8 БЖСМ (СДЮШОР №8) командасын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді!
Жас чемпиондарымыз бен команда бапкері Мукушев Жарқын Жайнатұлын лайықты жеңіспен құттықтаймыз! Өсіп келе жатқан жас буынмен мақтанамыз!