17.12.2025
Аслан Әділ - «Қызылжар» футбол клубының жаңа ойыншысы!
«Қызылжар» футбол клубы жартылай қорғаушы Аслан Әділмен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Мансабында «Жетісу», «Каспий», «Атырау» және «Жеңіс» футбол командаларының намысын қорғаған. Алаңда оң және сол қапталдағы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Өткен маусымда Аслан «Жеңіс» футбол клубының сапында Қазахстан Премьер-Лигасында 24 кездесуге қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Жанұямызға қош келдің, Асик


#SpiritoftheNorth